ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
"ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ"
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Басты бет / Ақпарат
Ақпарат
02-04-2024
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинеттің бос әдіскері лауазымына конкурс жариялайды
01-04-2024
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинеттің бос әдіскері лауазымына конкурс жариялайды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинеттің бос әдіскері лауазымына конкурс жариялайды. - Жамбыл облысы Тараз қаласы. Gor_mk@mail.kz, 8 7262 54-93-92, пошталық индекс 080000 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері (баспасөз қызметі бойынша). - Лауазымдық міндеттері: әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кабинет (орталық) бөлімінің қызметін басқарады, қызмет бағыты бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, жұмыс жоспарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, педагогтардың, әдіскерлер мен мамандардың жұмысын үйлестіреді; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; әдіскерлерді, педагогтар мен мамандарды оқытуды қамтамасыз етеді, инновациялық әдістемелік материалдарды, технологияларды, әдістемелерді игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді; білім беру процесін жетілдіру және әдістемелік жұмысты басқару бойынша ұсыныстар енгізеді; педагогтерді аттестаттау және тағайындау (растау) рәсімдерін дайындауға және өткізуге қатысады; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелерін сақтайды. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этиканың нормалары; Қаржы-шаруашылық қызметінің негіздері; компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері, санитариялық қағидалар мен нормалар. Әдістемелік кабинет әдіскері (география пәні бойынша) (тұрақты); Еңбек жалақысы 150-200 мың теңге; Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Құжаттарды қабылдау күні: - 2024 жылдың 1-9 сәуірі аралығында құжаттарды қабылдау жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: 1) Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
01-04-2024
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі әдістемелік кабинеттің бос әдіскері лауазымына конкурс жариялайды.
01-04-2024
«Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының қалалық кезеңі
28-03-2024
1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
28-02-2024
Тараз қаласы білім бөліміне қарасты мекемелер мен ата-аналар назарына!
15-02-2024
Тараз қаласы білім саласы бойынша 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытынды есебі бойынша алқа мәжілісі өтті.
12-02-2024
Қорғаншылық және қамқоршылықтағы балалардың үй-тұрмыс жағдайлары тексерілді.
05-02-2024
Тараз қаласының білім бөлімінің №64 орта мектебінің Қамқоршылық кеңесі туралы
26-01-2024
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды.
26-01-2024
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №54 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды.
11-01-2024
ТАРАЗ ҚАЛАСЫ №6 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҒИМАРАТЫНА ЖАПСАРЛАС СПОРТЗАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.
Мемлекеттік рәміздер
Қазақстан республикасы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президенті
Өмірбек Мейірхан Азатұлы
Білім басқармасының басшысы
Кожамжарова Раушан Пернешовна
Тараз қаласының білім бөлімінің басшысы
ANTIKOR 1424
Қабылдау бөлмесі : 8 (7262) 54-93-92 Мектепке дейінгі бөлім: 8 (7262) 54-74-63
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қолбасшы Қойкелді көшесі 190
© 2024 ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ "ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ