ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖАҢАДАН АШЫЛАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ МАҚСАТЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау Тараз қаласының білім бөлімінде жүргізіледі.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі 190, 2 қабат, 3 кабинет.
Құжат қабылдау мерзімі : 2024 жылдың 14-21 тамыз аралығы.
Байланыс номері: 54-93-92
13-08-2024
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ЖАҢАДАН АШЫЛАТЫН №63 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ МАҚСАТЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурсқа кандидаттардан құжаттарды қабылдау Тараз қаласының білім бөлімінде жүргізіледі.
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі 190, 2 қабат, 3 кабинет.
Құжат қабылдау мерзімі : 2024 жылдың 13-21 тамызы аралығы.
Байланыс номері: 54-93-92
09-08-2024
09-08-2024
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарландыру.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімі» КММ
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2024 жылдың 12 тамызынан 31 желтоқсанға дейін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыра отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық рәсімді өткізеді. Конкурс Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ білім министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға (04.04.2024 ж.енген өзгерістер мен толықтырулармен) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
07-08-2024
ЕРТЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанда ерте қолдау қызметтері ашылуда
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап еліміздің 11 пилоттық өңірінде «Дара» қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен Оқу-ағарту министрлігімен серіктестікте және Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірге «Мүмкіндіктер уақыты» жобасын жүзеге асыруда.
«Мүмкіндіктер уақыты» жобасы 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында қауіп тобындағы балалары бар отбасыларға ерте қолдау қызметін дамытуға және осы қызметтерде жұмыс істеу үшін ерте қолдау мамандарын оқытуға бағытталған.
2024 жылдың 1 маусымында Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде алғашқы ерте қолдау қызметі ашылды.
07-08-2024
01-08-2024
Хабарландыру!
Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын құру туралы №67
01-08-2024
Хабарландыру!
Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын құру туралы №66
03-07-2024
Микроаумақ бекіту туралы
01-07-2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ата-аналар назарына!
2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Тараз қаласында пилоттық жоба аясында https://indigo-taraz.e-orda.kz жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды. Сайтқа кіру арқылы әрбір ата-ана балабақшаға қабылдау ережелерімен танысып, мектепке дейінгі ұйымдар туралы толық ақпарат ала алады.